top of page

Менің педагогикалық ұстанымым

«Менің педагогикалық ұстанымым: мәні, құндылықтары,басымдылықтары»

 «Тарыдай болып кіріп,таудай болып шыққан»алтын ұям мектебімізден үлкен өмірге қадам басар сәтте бәріміздің де басымызды «Болашақта мен кім боламын?Қандай мамандық иесі боламын?» деген сауалдардың мазалағаны белгілі.Ата-анамның «Мұғалім мамандығын таңда, саған мұғалім мамандығы лайықты және сол мамандыққа бейімсің»деген ақылымен кеңесіп, өзімнің де жүрек қалауыммен Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы мемлекеттік университетіне түсіп «Биология»мамандығына грантпен оқуға түстім.

Каспий (210 из 349).jpg
Басты бет : Приветствие

 Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

  • Аты-жөні: Әмірбекова Гүлшат Сайынқызы

  • Туған күні, айы, жылы: 21.08.1982 жыл

  • Мекен-жайы:  Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, 4ш/а, 39 үй, 46 пәтер

  • Білімі:   Жоғары – Ш.Есенов атындағы Акт ГУ

  • Мамандығы: биология пәні мұғалімі

  • Педагогикалық өтілі: 15 жыл

  • 2002-2010 ж. №1 Т.Әлиев атындағы орта мектепте биология пәні мұғалімі

  • 2011-2013 ж. Жаңаөзен қаласындағы ЖШС «Каспий» педагогика және салалық  технологиялар колледжінде биология пәні мұғалімі             

  • 2013-2017 ж. Жаңаөзен қаласындағы ЖШС «Каспий» педагогика  және салалық  технологиялар колледжінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Басты бет : Цитата

"Елі сүйген, елін сүйген Елбасы" ашық тәрбие сағаты 

Мақсаты

1.Қазақ халқының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып,Отанын,халқын сүюге,ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеуге баулу.

Басты бет : Цитата

Еңбек жолында жеткен жетістіктерім

  • - 2012-2013 оқу жылында қала көлемінде Жаңаөзен жаршысы газетіне «Ауылым алтын бесігім» атты мақала жарияланды.

  • - 2012 -2013 оқу жылында  студенті «Қазақстандық жастар: толеранттылық және конфессияаралық диалог арқылы өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа қол жеткізу» атты облыстық ғылыми – практикалық конференциясына белсене қатысқаны үшін Жаумитбаева Гульбаршин І дәрежелі дипломмен марапатталған. 

  • - 2012-2013 оқу жылында колледжішілік «Тілдер апталығында»  «Ана тілім – жүрек үнім», 8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамына орай өткізілген «Ару Ана»  тақырыбындағы ашық тәрбие  сағатттары «жоғары деңгейде өтті» деп бағаланды.

  • - 2013-2014 оқу жылында № 3 санында Республикалық деңгейде «Биология және салауаттылық негізі»  ғылыми – педагогикалық журналына «Деңгейлеп оқыту технологиясы» тақырыбында ашық сабағы жарияланды.

  • - 2013-2014 оқу жылында колледжішілік  ұстаздар күніне ұйымдастырылған «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік!» атты мерекелік сайыста І орынға ие болды.

  • - 2013-2014 оқу жылында Республикалық деңгейде «Биология және салауаттылық негізі»  ғылыми – педагогикалық журналына «Аралас сабақ» тақырыбында  ашық сабағы жарияланды.

  • - 2013-2014 оқу жылында қала көлемінде Жаңаөзен газетіне «Ел тірегі – дені сау, білімді ұрпақ» атты мақала жарияланды.

  • - 2013-2014 оқу жылында Маңғыстау облысының білім беруді ақпараттандыру оқу - әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Оқушы білімін бақылауда интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбындағы облыстық семинар өткізіліп, «Табиғи сұрыпталу – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші» тақырыбында ашық сабақ өткізіп «өте жақсы » деп бағаландым. Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының ХІV Маңғыстау облыстық ғылыми – практикалық конференциясында дарынды жастармен ғылыми жұмыс өткізгені үшін  «Алғыс хат» марапатталды. 

  • - 2013-2014 оқу жылы Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының ХІV Маңғыстау облыстық ғылыми – практикалық конференциясына баяндамасын ұсынғаны үшін Джаманова Махаббат «Құрмет грамотасы» марапатталды.

  • - 2013-2014 оқу жылы Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының ХІV Маңғыстау облыстық ғылыми – практикалық конференциясына баяндамасын ұсынғаны үшін Атаева Айнұр «Құрмет грамотасы» марапатталды.

  • - 2011-2012, 2012-2013, 2013 – 2014 оқу жылдарында биология пәнінен «Адамның шығу тегі», «Прокариоттар», «Жасушадағы зат алмасу», «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар» тақырыбында өткізілген ашық сабақтары жоғары дәрежеде өтіп  «өте жақсы » деп бағаланды.

  • - 2013-2014 жылы колледжішілік «Ең үздік топ жетекшісі 2014» байқауында  ІІ орынға ие болдым. Өткізген ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарымды үнемі газет – журналдар мен интернет журналдарына жариялап отырамын. «Детство – «веб – порталының»  администраторы  Л. Мананникованың атынан куәліктерін алды.

  • - 2014-2015 оқу жылында Маңғыстау облысы білім басқармасы, Маңғыста у облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу – әдістемелік кабинетінің қатысуымен өткен облыстық семинарда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Бабалар салған ұлы жол» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізіп «өте жақсы » деп бағаланды.

  • - 2015-2016 оқу жылында Маңғыстау облысы білім басқармасы, Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу – әдістемелік кабинетінің қатысуымен өткен облыстық семинарда  1 БББ тобында «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар» тақырыбында ашық сабақ өткізіп «өте жақсы» деп бағаланды.

  • - 2015-2016 оқу жылында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңарту жағдайында педагог кадрларды дайындау» атты облыстық ғылыми- практикалық конференция жұмысына белсене қатысып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға қосқан озық идеялары үшін сертификат беріліді.

  • - 2015-2016 оқу жылында № 18135  «тарбие. Ұстаздар сайтында «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар» тақырыбында ашық сабақ авторлық материалы жарияланды.

  • - 2015-2016 оқу жылында № 18137  «тарбие. Ұстаздар сайтында «Теңге – мемлекет келбеті» тақырыбында тәрбие сағаты авторлық материалы жарияланды.

  • - 2015-2016 оқу жылында  Тәуелсіздікке 25 жыл толуына орай Республика көлемінде ұйымдастырылған «Тәуелсіз елім – мақтанышым менің» тақырыбында оқушылар байқауында  шығармашылық пен ой  ұшқырлығын көрсеткен шәкірті Темірхан Жанар дипломмен марапатталды. 

  • - 2016-2017 о.ж;  халықаралық «Сотрудник года»  сертификатымен марапатталдым.

  • - 2016-2017 оқу жылында Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары И. Сағынбаевтың «Жаңаөзен қаласының мәдениет және өнер саласының дамуына белсенді үлес қосқаны үшін» Алғыс хатпен марапатталды. 

Басты бет : Цитата
лого каспий (1).jpg

Жасақтаған оқу әдістемелік құралдарым

- Биологияны оқыту әдістемесі (педагогикалық және кәсіптік білім беретін колледж студенттеріне арналған әдістемелік практикалық құрал) Ақтау 2013ж.
-Биология пәніне лекциялар жинағы (колледж студенттерінеарналған) 2012ж.
-Биология пәніне тест жинағы (колледж студенттеріне арналған) 2012ж. -Биология пәніне өзіндік жұмыстың түрлері (колледж студенттеріне арналған) 2012ж.
-Биологиядан оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыс дәптері Ақтау – 2016 ж.

Басты бет : Обо мне
Басты бет : Работа
bottom of page